АСТАНА, 16 наурыз — Sputnik. БТА Банктің бұрынғңы басшысы Мұхтар Әблязовтің ісі бойынша алдын ала тыңдау Алматыда 17 наурызда өтеді деп хабарлайды сот қаулысы.
Тыңдау Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта 17 наурыз күні сағат таңғы 10-да ашық сот отырысында өтеді. Сот өндірісінің тілі ретінде орыс тілі таңдалды.
"Алдын ала тыңдау туралы мемлекеттік айыптаушыға, сотталушыларға, авдокаттарға, жәбірленуші өкіліне хабар берілсін", — делінген құжатта.