АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысының Өкімімен Дархан Мыңбай Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Жаңа қызметке тағайындалуына орай Дархан Мыңбай Ұлттық мұражай директоры қызметінен босатылды.
Дархан Мыңбай әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі, ҚР Президенті әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі қызметтерін атқарды. 2013 жылдан бастап ҚР Ұлттық мұражайының директоры болып еңбек етті.