АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып Құмар Ақсақалов тағайындалы, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сейсенбі күні Петропавл қаласында облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Отырыс барысында Президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков СҚО әкімі лауазымына Құмар Ақсақаловтың кандидатурасын ұсынған Мемлекет басшысының хатын оқып берді. Депутаттар президенттің ұсынысына бірауыздан қолдау танытты.
Жақсыбеков облыс активіне жаңа әкімді таныстыра отыра, соңғы жылдардағы ірі экономикалық жетістіктерді атап өтіп, Ерік Сұлтановқа алғыс айтты. Өз кезегінде Сұлтанов мемлекет басшысына сенімі үшін рахмет айтып, облыс жұртшылығына бірлескен жемісті жұмыс үшін алғысын жеткізді. Ал жаңа тағайындалған әкім Ақсақалов Елбасы қойып отырған маңызды міндеттерді орындауға күш салатынына сендірді.