АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Бүгін премьер-министр Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжин Ақтауға жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында олар облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Отырыс барысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының мәслихат депутаттарына арналған хатын оқып берді. Президент облыс әкімі лауазымына Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың кандидатурасын ұсынып отыр. Депутаттар ұсынысты қолдады.
Ералы Тоғжанов жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі қызметін атқарды.