АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. Түркістанның екі тұрғыны букмекерлік кеңседен ақша әкеле жатқан көлікті өтірік тонағандары үшін ұсталды деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі дүйсенбі күні.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылы 7 наурызда Ордабасы АІІБ-не Алматыдағы букмекерлік кеңседен ақша әкеле жатқан "Тойота" көлігіне қарақышылық жасалғаны туралы хабар келіп түседі.
"Жедел тергеу іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер жәбірленушілердің қылмыс туралы жалған ақпарат бергендіктерін анықтады. Бәйдібек АІІБ қызметкерлері үшінші сыбайласпен бірге күдіктілерді полиция бөлімшесіне жеткізді, олар ақша иемдену үшін жалған қарақшылық ұйымдастырғандықтарын мойындады", — деп мәлімет берді полиция.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК үш бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, айыптылар 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Сот алды тергеу ісі жалғасып жатыр.