АСТАНА, 6 ақп— Sputnik. Полицейлер Сарыағаштағы букмекерлік кеңсенің тоналуы жалған екендігін әшкереледі деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Букмекерлік кеңсе 1 ақпан күні тоналыпты-мыс. Жиырма үш жасар қызметкер полицейлерге хабарлағандай, кеңсеге бетін бүркеген біреулер кіріп келіп, пышақпен қорқытып, кассадан бір жарым миллион теңге алып кеткен.
Полиция "Қарақшылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғайды, алайда кейіннен қыздың шындықты жасырғандығы белгілі болады. Ұрланған ақша соның табылған. Полицейлердің айтуынша, қызметкер кеңсені өзі тонаған.
Іс 189 " Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу", 419 " Көрiнеу жалған сөз жеткiзу" және 420 " Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма" баптары бойынша өзгертілді. Сот алды тергеу ісі жалғасуда.