Оқиға

Бостандық тынысын алып: Наталья Слекишина мен оның сәбиі түрмеден шықты

© Photo : Аккаунт Dina Tansari в FacebookНаталья Слекишина с ребенком выходит из тюрьмы
Наталья Слекишина с ребенком выходит из тюрьмы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Абақтыдағы зорлаудан кейін жүкті болып қалып, қыз тууына байланысты қарақшылық үшін сотталған Слекишинаның жазасын өтеу мерзімі бес жылға кейінге қалдырылды

АСТАНА, 3 ақп — Sputnik. Қарақшылық үшін сотталған және тергеу изоляторының қызметкерлерімен зорланған Наталья Слекишина мен оның он айлық сәбиі бостандыққа шықты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға адвокат Айман Омарова. 

Наталья Слекишина сотта - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Адвокат: Наталья Слекишина ақпанның басында бостандыққа шығады

Наталья Слекишина 2016 жылғы жазда тергеу абақтысының қызметкерін зорлады деп айыптады. Күдіктілер  кінәсін мойындаған жоқ. Слекишина жазасын өтеу кезінде қыз туды. ДНК сараптамасы баланың әкесінің жеке басын анықтады.  Мекеме қызметкері Руслан Хакимовты зорлау қылмысы үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айыруға соттады. Одан кейін әйел жазасын кейінге қалдыру туралы өтініш беріп, соттан түрмеде туылған сәбиі 14 жасқа толғанға дейін оны босатуды сұрады. Сот жазасын өтеуді бес жылға кейінге қалдырып, өтінішін жартылай қанағаттандырды. 

"Иә, бостандыққа шықты. Бұрын ол сән салонында жұмыс істеген. Сол жерде жұмысын жалғастыратын болады. Ол жалқау емес, ол – еңбекқор. Ол өмір бойы жұмыс істеп өзін қамтамасыз етіп келген. Сосын тұрмысқа шықты. Ол күйеуге тигенде, аяғына нық тұрған болатын деуге болады. Ол Алматыға Тараздан ақшамен келген. Мұндай жағдайға (күйеуінен) кетпек болғанда душар болған. Сосын оны қарақшылық үшін соттады. Мұның бәрін ол байланыстырады. Оның денсінде пышақ жарақаттары бар, мақсаты кісі өлтіру болған деп болжаймыз. Мұны ешкім қарамаған. Оның орнына ол түрмеге түседі", — деп хабарлады адвокат.

Наталья Слкишинаның қорғаушысының сөзіне қарағанда, ол балаларын тәрбиелеумен айналысады.

"Ол өмір сүріп, балаларын тәрбиелеуді жоспарлап отыр, әсіресе сонда туылған кішкентай қызын. Іс жүзінде ол алғаш рет бүгін жарыққа шықты. Жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Біз екеуміз өзге жәйттар бойынша сотқа шағым түсіреміз. Әрине, моральдық шығын, алимент тағы басқалар болады", — деп қосты Омарова. 

Оның айтуынша, бұрын сотталған Руслан Хакимовтың туыстары әзірге Слекишинаның сәбиін көруге ниет білдірмеген. "Оған да ол қажет емес. Ол Руслан туралы ештеңе есінде сақтағысы келмейді", — деп атап өтті адвокат. 


Жаңалықтар
0