АСТАНА, 31 қаң — Sputnik. Түрмеде зорланған Наталья Слекишина екінші ақпанда бостандыққа шығады деп хабарлады Слекишинаның адвокаты Айман Умарова Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Бұдан бұрын Слекишинаның енесі әйелдің бостандыққа шығатынына келіспей қарсы шағым түсірген еді. Натальяның бұрынғы енесі Слекишина сотталған қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болатын.
"Алматы облыстық соты апелляциялық коллегиясының судьясы Іле аудандық сотының қаулысын өзгеріссіз қалдырды. Демек, Натальяның мерзімі кейінге шегерілді. Жәбірленушінің жеке шағымы қанағаттандырылған жоқ. Осылайша, Наталья бостандыққа шығатын болды. Қатты қуаныштымыз", — деді Умарова Sputnik Қазақстан агенттігіне телефон арқылы берген сұхбатында.
Заңгердің сөзіне жүгінсек, Слекишина екінші ақпанда босатылады.