Оқиға

Слекишина ісі: абақты қызметкері 9 жылға сотталды

© AP Photo / Vadim Ghirda, FileТюрьма. Колючая проволока.
Тюрьма. Колючая проволока. - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты сотталушы Наталья Слекишинаны азаптады және зорлады деп айыпталған тергеу изоляторының (СИ-18) қызметкерлері Руслан Хәкімовті тоғыз жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

АСТАНА, 30 қыр — Sputnik. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты сотталушы Наталья Слекишинаны азаптады және зорлады деп айыпталған тергеу изоляторының (СИ-18) қызметкерлері Руслан Хәкімовті тоғыз жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

Ағымдағы жылдың жазында 2015 жылғы ақпаннан бері қарақшылық үшін жазасын өтеп жүрген Наталья Слекишина Алматыда тергеу абақтысының төрт қызметкері топтасып зорлады деп айыптады. Олардың бірінен ол бала тапқан. Слекишина баланың әкесі зорлағандардың бірі деп мәлімдеді. Оның сөзін әділет министрлігі жанындағы Сот сараптамасы орталығы жүргізген ДНК-сараптамасы растады. Сараптамаға сәйкес, баланың әкесі түрме бақылаушысы Руслан Хәкімов болып шықты.

"Мүлкі тәркіленіп, тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеу тағайындалсын",- деді судья Айсара Жылқыбаева. Сонымен қатар, ол әділет майоры шенінен айырып, өмірбойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салды.

Үкім күшіне енген жоқ. Тергеу изоляторы қабырғасында орын алған зорлау мен азаптау жөніндегі процесс жабық режимде өтті.

Жаңалықтар
0