АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және солтүстіктің кей жерлерінде жауын –шашын болып, көбінесе қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстікте жел жаяу бұрқасынмен күшейеді деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейіп, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз жаяу бұрқасын болып, көктайғақ күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Астана қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Батыстан соққан желдің күші 9-14 м/с болады. Ауаның температурасы түнде —13-15°С, күндіз —1-3°С аяз болады.
Алматы қаласында көшпелі бұлтты, кей уақытта жауын-шашын болады. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде —2-4°С аяз, күндіз 0,+2°С жылы болады.