Өңірлер

Дүйсенбіде жауын-шашын болады

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуТұман
Тұман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді

АСТАНА, 13 нау – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, көбіне қар, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыстың кей жерлерінде қатты  қар жауады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ комитетінің сайты.

Ақмола, Павлодар облыстарында бұрқасын болып, жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді. Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел 15-20,  екпіні 23-28 м/с  болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел бұрқасынмен 15-25 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с  күшейеді.

Атырау облысының  кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с болады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді.


Жаңалықтар
0