АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. ҚР сыртқы істер министрлігі қазақстандық білім беру мекемелерінің қызметіне, оның ішінде бұрынғы қазақ-түрік лицейлерінің жұмысына ешкімнің араласпайтындығын мәлімдеді.
"Қазақ-түрік лицейлері ребрендинг үдерісінен өтті, атаулары өзгерді. Олар Қазақстанда бекітілген оқу бағдарламаларына сүйенеді, сондай-ақ тиісті жергілікті атқарушы органдардың бақылауында болады", — деді СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов.
"Біз ҚР аумағындағы білім беру мекемелерінің қызметіне біреудің араласуына жол бермейміз", — деді ол.
Айта кетейік, қазақ-түрік лицейлеріне "Білім-инновация лицейі" деген жаңа атау берілген.