АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Ақтауда 29011 әскери бөлімінің матросы абайсызда мерт болды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
"10 наурызы күні қаруды абайламай қолдану салдарынан 29011 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы матрос М.А. Шишімбаев қаза тапты", — делінген қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.
Қазіргі таңда оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде.