Қоғам

Тонаушыдан тайсалмаған сатушы: мұндай жайтқа тап боламын деп ойламаппын

© Photo : из личного архива Нины КалимовойТонаушыдан тайсалмаған сатушы
Тонаушыдан тайсалмаған сатушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қауіпті қарақшыдан тайсалмай, қаруын тартып алған сатушы әйел табылды. Талғар қаласында жақында ғана ашылған "Парасат" дүкені сатушысының есімі Нина Калимова. Sputnik Қазақстан тілшісі батыл әйелмен телефон арқылы тілдесті

АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Нина Калимова сұрақтарымызға толыққанды жауап берді, дегенмен жұмыс уақытында хабарласқандықтан асығыс екендігі байқалады. Екі баланың анасы, 34 жастағы талдырмаш әйел қарулы ер адамға қалайша тойтарыс берді? Бұл сұрақтың жауабын өзі де білмейді екен. 

- Біз бұл бейнежазбаны көріп шошып кеттік. Өз-өзіңізді қорғау тәсілдерін меңгеріп пе едіңіз, әлде қандай да бір спорт түрімен айналысасыз ба?

— Жоқ, ешқандай спортта жеткен жетістігім жоқ. Мен қарапайым адаммын, спортшы емеспін. 

- Бұл қалай болды? Ер адамның қолында қару екенін бірден түсіндіңіз бе?

Талғарда сатушы әйел тонаушыға тойтарыс берді - Sputnik Қазақстан
Видео
Талғарда сатушы әйел тонаушыға тойтарыс берді

— Оқ ататын қару екенін бірден түсіндім, бірақ қаншалықты қауіпті екенін ескерген жоқпын. Қатты қорқып кеттім.

- Әлгі адам сізге бірдеңе деді ме?

— Бар болғаны: "Ақша бер", — деді. Болды. Осы сөзді екі рет айтты. Басқа ештеңе деген жоқ.

- Әйел адамның ер адамға шамасы келе бермейтіні анық қой. Онымен төбелесіп жатқанда, бойыңызды үрей биледі ме?

— Шынымды айтсам, ештеңе ойламадым. Өз-өзімді қорғауым керек болды. Бұл оқиғаның қаншалықты қауіпті болғандығын, келесі күні есімді жиғанда барып түсіндім. Бастапқы сәтте ешқандай қорқыныш, үрей болмады.

- Кейінірек екінші сатушы мен ер адам көмекке келді. Ол ер адам кім? Күзетші ме, әлде сатып алушы ма?

— Кездейсоқ дүкенге кірген сатып алушы ғой. Қыздар көмекке шақырыпты.

Тапанша - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Бетін тұмшалап, тапанша кезенген: жанармай бекетін тонаған Астана тұрғыны ұсталды

- Өміріңізді қауіпке тікпей, ақшаны бере салу ойыңызға келмеді ме?

— Бәрі қас қағым сәтте болды. Басқа ешнәрсе ойыма келмепті.

- Бұл дүкенде баяғыдан бері істеп келесіз бе? 

— Дүкен екі апта бұрын ғана ашылған.

- Дүкен иесі алғысын білдірді ме?

— Әрине. Бастығым ресми түрде сыйақы ұсынып, гүл сыйлады, алғыс айтты.

- Отбасы, балаларыңыз бар ма?

— Күйеуім, екі балам бар. Ұлым 13-те, қызым 10-да.

- Өмірде сондай ержүрек жансыз ба?

— Жоқ, олай деп айта алмаймын. Мен де ет пен сүйектен жаралған қарапайым жанмын. Өмірімде мұндай жайтқа тап боламын деп ойламаппын.  

Жаңалықтар
0