Бейнежазбадан көргеніңіздей, ер адам кассаға жетіп келіп, аңшы қаруын сатушы әйелге кезенеді. Алайда, әйел адам бір сәтке ойланбастан, қылмыскерге тап берген. Сатушыға көмекке дүкеннің тағы бір қызметкері мен бөтен ер адам келеді. Сөйтіп, қарақшының қолынан қаруды тартып алады.
Алматы ІІД растағандай, оқиға кеше кешкісін болыпты.
"1994 жылы туған ер адам ұсталып, қамауға алынды. Оның қаруы тәркіленді. Оқиға бойынша 192-бапқа сәйкес қылмыстық өндіріс қозғалды", — деп ақпарат берді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.