АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері Қызылорда қаласы прокуратурасы аумағында кезекшілік кезінде әріптесін атып тастады деп хабарлайды Қызылорда облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Қайғылы оқиға 8 наурыз күні күндіз қалалық прокуратураның күзет ғимаратында болған.
"Қызылорда облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері табелдік тапаншадан оқ атқан, салдарынан онымен бірге жасақта болған полицей жарақат алып, көз жұмды", — деп ақпарат берді полиция.
Күдікті қамауға алынды. "Кісі өлтіру" бабы бойынша сот алды тергеу ісі жүргізіліп жатыр.