Өңірлер

Шымкенттегі атыс: төрт күдіктінің біреуі ұсталды

© PhotoКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жасөспірімнің қазасына әкеп соқтырған Шымкенттегі атысқа қатысушылардың бірі оқиғадан соң қашып кетіп, көрші Жамбыл облысында ұсталды

АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Полиция Шымкенттегі атысқа қатысушылардың бәрін анықтады, күдіктілердің біреуі ұсталды.

Пистолет - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шымкенттегі атыс кезінде 14 жастағы жеткіншек қаза тапты

Атыс 9 наурыз күні күндіз Ворошиловка ауданында болған. Жасөспірім қаза тауып, тағы екі жігіт жарақат алып ауруханаға жатқызылды.

Полиция анықтағандай, атысқа қатысушылардың бәрі бір-бірін біледі және Ворошиловка ауданында көрші тұрады. Оқиға өзара кикілжің салдарынан болған. 

"Төрт күдіктінің біреуі бүгін таңертең көрші Жамбыл облысы аумағында Қордай ауданында ұсталды. Ол 1991 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны, жұмыссыз, бұдан бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған. Кінәсін толығымен мойындап отыр", — делінген хабарламада.

Өзге де қылмыскерлерді ұстау үшін тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0