АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. 14 жастағы ер бала Шымкентте болған атыста қаза тапқан, тағы бір ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне ОҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, атыс бейсенбі күннің екінші жартысында Ворошиловка ауданындағы темір жолдың маңында болған.
"2003 жылы туған ер бала қаза тапты, 1995 жылғы ер адам ауруханаға жеткізілді. Оқ тиген ер бала ауруханада көз жұмды", — деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне баспасөз қызметінің қызметкері.
Аталмыш факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша тіркелді. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп, полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.