Саясат

Назарбаев Ата заңға енгізілген түзетулерге қол қойды

© Photo : Официальный сайт президента Республики КазахстанНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Конституциясына енгізілетін өзгертулер мемлекеттік құрылысты жаңартып, биліктің бүкіл тармақтарының халық алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған

АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға енгізілген түзетулерге қол қойды деп хабарлады Ақорда Twitter парақшасында.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды", — делінген хабарламада.

Здание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан
Саясат
Президент үш министрді тікелей тағайындайтын болды

Бұдан бұрын парламент заңды қабылдап, президенттің қол қоюына ұсынған еді. Нұрсұлтан Назарбаев заңның Конституцияда бекітілген құндылықтарға сәйкестігін тексеру үшін Конституциялық кеңеске ұсынған болатын.

Конституциялық кеңес қорытындысы бойынша, заң Қазақстан Республикасының Конституциясына, оның ішінде конституциялық құндылықтарға, республиканы басқару формасы мен қызметінің негізгі қағидаттарына сәйкес келеді.


Жаңалықтар
0