Саясат

Президент үш министрді тікелей тағайындайтын болды

© Sputnik / Болат ШайхиновЗдание правительства Казахстана
Здание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әуелде екі министрді тағайындау ұсынылған еді

АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Президент Ішкі істер министрін де өзі тағайындайтын болды. Депутаттар Конституцияға енгізілетін түзетулерді қарау барысында ел президентінің осы өкілеттігін сақтап қалуды жөн деп тапқан. 

Конституцияға енгізілген өзгертулерге сәйкес, президент қорғаныс және сыртқы істер министрлерін ғана дербес тағайындай алатын еді. Бірақ заң жобасын бірінші оқылымда талқылау барысында депутаттар сондай-ақ президенттің ішкі істер министрін тағайындау өкілеттігін қалдыруды ұсынды. 

Совместное заседание палат парламента РК - Sputnik Қазақстан
Саясат
Парламент Конституцияға енгізілген өзгерістерді қабылдады

"Ішкі істер министрлігінің азаматтардың, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіндегі стратегиялық рөлін ескере отырып, 44-баптың үшінші тармақшасында ел президентінің ішкі істер министрін тағайындау жөніндегі өкілеттігін сақтап қалған жөн деп есептейміз", — деді бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында заң жобасы бойынша комиссияның төрағасы Нұрлан Әбдіров. 

Бұл ретте, оның айтуынша, ел президентінің жоғарғы бас қолбасшы болып табылатыны, ал ішкі істер министрлігінің құрылымына ұлттық ұланның кіретіні де ескеріліп отыр. 

Өзге министрлерді президент бұрынғыша парламенттің келісімімен тағайындайтын болады. Депутаттардың мақұлдауымен тағайындалатын министрлердің қатарына енді әділет министрі қосылып отыр. 

Айта кетейік, бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар конституцияға енгізілген түзетулерді қабылдады. 

 

Жаңалықтар
0