Саясат

Парламент Конституцияға енгізілген өзгерістерді қабылдады

© Sputnik / Болат ШайхиновСовместное заседание палат парламента РК
Совместное заседание палат парламента РК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін заң жобасы екінші оқылымға шығарылды

АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады. 

Айта кетейік, заң жобасын депутаттар үшінші наурызда бірінші оқылымда мақұлдаған еді. Құжатты екінші оқылымға дайындау үшін бірлескен комиссия құрылды. Депутаттар мен құжатты әзірлеуші тараптың өкілдері кірген комиссия демалыс күндері жұмыс істеп, бүгін маңызды құжатты екінші оқылымға ұсынды. 

Виды Астаны - Sputnik Қазақстан
Саясат
Депутаттар Астанаға президенттің есімін беруді қайта ұсынды

"Парламенттің бүгінгі отырысы   сипаты жағынан – тарихи, мазмұны жағынан – тағдырлы. Біз қазақстандық қоғамның, мемлекеттің саяси жүйесі дамуының жаңа бағытының жобасын қараудамыз. Сонымен бірге бүгін біз Қазақстан дамуының осыған дейін жүріп өткен жолын аяқтап, тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихының тағы бір бетін аудардық. Ұсынылып отырған заң жобасында көрініс тапқан, дамудың жаңа сатысына бастаған тарихқа қадам жасадық. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы шешімді алғаш рет жария еткен кезде, сөзін "заманның дидары өзгерді, біз де өзгеруіміз керек. Сол себепті, мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді. Мен елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып осындай байлам жасадым" — деп бастаған болатын", — деді бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров. 

Оның айтуынша, Елбасы ұсынған конституциялық реформа елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының жаңа сатысына, жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұрғанын көрсетеді.

"Сонымен, біз Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсыныстарын негізге алып,  Конституциямызға енгізілген барлық  өзгерістерді қабылдадық. Осы тарихи шешіммен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын", — деді заң қабылданғаннан кейін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин. 

Еске сала кетсек, Президент қаңтарда мемлекеттік билік жүйесін ауқымды реформалауды ұсынды. Осыған орай тиісті заң жобасы дайындалып,ол бүкілхалықтық талқылауға ұсынылған еді. Бір ай ішінде қоғамдық-саяси ортада екі мыңнан астам, ғылыми-шығармашылық ортада елуден астам республикалық деңгейдегі басқосу өткен. Жалпы, жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде алты мыңға жуық жаңа ұсыныс келіп түскен. 

 

Жаңалықтар
0