Қоғам

Келесі жылы зейнетақы көлемi 45 пайызға дейін артады

© Sputnik / Болат ШайхиновДеньги
Деньги - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2016 жылмен салыстырғанда зейнетақы көлемі 45 пайызға дейін өседі

АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. 2018 жылдың 1 шiлдесiнде зейнетақының орташа көлемi 2016 жылмен салыстырғанда 45 пайызға дейін артады, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова. 

Зейнеткерлер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Базалық зейнетақы қашан және қаншаға өсіріледі

"Бiз 2020 жылға дейін  зейнетақы жүйесiн жаңғыртуды аяқтаймыз. Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы уақыттан бастап мемлекет бюджетiнен төленетiн зейнетақы көлемiн арттыруды қарастырып отырмыз. Тағы қайталап өтсек, биылғы жылдың 1 шiлдесiнен бастап зейнетақы көлемi 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға дейін артады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап базалық зейнетақы, мүгедектерге, асыраушысынан айырылғандарға төленетiн жәрдемақы 16 пайызға дейін өседі", — дедi Дүйсенова үкіметте өткен баспасөз мәслихатында. 

2018 жылғы 1 шiлдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесі өзгереді. Сөйтіп, базалық зейнетақы азаматтың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысуына байланысты белгіленетін болады. Министр атап өткендей, осының бәріне мемлекеттiк бюджеттен қосымша қаржы қажет. Бүгінде  бюджетте осы мақсатқа 300 млрд теңге қарастырылған. 

"Бiз 2018 жығлы 1 шiлдеде зейнетақының орташа көлемi 2016 жылмен салыстырғанда 45 пайызға дейін көбейеді деп болжап отырмыз", — дедi Дүйсенова.

Жаңалықтар
0