Қоғам

Базалық зейнетақы қашан және қаншаға өсіріледі

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуЗейнеткерлер
Зейнеткерлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Базалық зейнетақыны өсіру бірнеше кезеңдерден тұрады

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Базалық зейнетақы, мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақыны  2018 жылдан бастап 16%-ға өсіру жоспарланып отыр деп хабарлады ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Зейнетақы төлеу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
2017 жылы бала туғанда төленетін жәрдемақы мен зейнетақы 20%-ға өседі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Тамара Дүйсенова базалық зейнетақының қалай өсірілетіндігі туралы айтып берді. Министр еске сала кеткендей, 2017-2018 жылдары мемлекет басшысының тапсырмасымен зейнетақының бірінші түрі – базалық зейнетақы кезең-кезеңімен көбейтілетін болады.

Бұдан бұрын хабарланған мәліметке сүйенсек, бірінші кезеңде – 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап – ортақ зейнетақы көлемі 11%-ға арттырылады, жыл басында бұл зейнетақы мөлшері 9%-ға көбейтілген болатын.  Базалық зейнетақы мөлшері 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7%-ға өссе, бірінші кезеңде 13%-ға артады деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде 2017 жылы 1 шілдеде зейнетақы мөлшері 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 20%-ға ұлғаяды.

"Екінші кезеңде – 2018 жылы 1 қаңтардан бастап – мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты жәрдемақылар мен базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты 16%-ға дейін арттырылады. Бұл үш миллионнан астам адамды қамтитын болады. Бұған біздің әріптестеріміз — "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы құрылымдық бөлімшелерінің басшылары назар аударса деймін", — деді Дүйсенова Астанадағы ведомство коллегиясында.

Үшінші рет арттыру, министрдің айтуынша, базалық зейнетақыны ғана қамтиды және 2018 жылы 1 шілдеден бастап жүргізіледі. Ол базалық зейнетақыны тағайындау әдісін өзгертуге қатысты болмақ. 

"Бүгінде базалық зейнетақы жалақы мен еңбек өтіліне тәуелді емес, барлық азаматтарға бірдей төленеді. Жаңа ұстаным бойынша, егер тұлғаның 1998 жылдан бастан еңбек өтілі болып, 1998 жылдан соң жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшсе, базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты тағайындалатын болады. Қазіргі уақыттағы барлық зейнеткерлер үшін базалық зейнетақы 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліне сәйкес есептелінбек. Бұл ақпарат олардың зейнетақы істерінде қамтылған. Яғни, зейнеткерлерге еңбек өтілі туралы қосымша құжат тапсырудың қажеті жоқ", — деп түсіндірді министр. 

Жаңалықтар
0