Қоғам

Полицейлерге айғақтарды бұрмалап, жазықсыз жанды азаптады деген айып тағылды

© Sputnik / Табылды КадырбековҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айғақтарды бұрмалаған полицейлерге қатысты сот процесін процесстік прокурорлар бастан-аяқ қадағалайтын болады

АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Алматыда аудандық қылмыстық полиция бөлімінің бұрынғы басшысы мен бірнеше қызметкеріне ұрлық туралы істі ашуда айғақтарды бұрмалады деген айып тағылды деп хабарлайды қалалық прокуратура баспасөз қызметі. 

Қылмыстық істер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Өтеуовтің ісі бойынша төрт полицей бас бостандығы мен шендерінен айырылды

Прокуратура хабарламасына сүйенсек, полицейлер жалпы сомасы 50 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдарды ұрлау ісін тергеген. Алайда олар шынайы қылмыскерді іздеудің орнына айғақтарды М. есімді азаматтың үйіне қалдырып кеткен. Жала жабылған ер адам ақталып, Медеу аудандық ІІБ лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ҚК 146-бабы 2-бөлігі 1-пункті, 414-бабы 3-бөлігі, 416-бабы 6-бөлігі бойынша қылмыстық істер қозғалды, яғни полицейлерге азаптау, қасақана заңсыз ұстау және қамауға алуды ұйымдастыру және ауыр қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша айғақтарды бұрмалау сияқты айыптар тағылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті жүргізген сот алды тергеу ісі қазіргі уақытта аяқталып, іс сотқа жіберілді. 

Жаңалықтар
0