Қоғам

Орыс мектебінде оқитын жарты миллион бала қазақша сөйлемейді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоШкольники
Школьники - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Енді орыс мектептерінің оқушылары қазақ тілін жаңа әдістеме бойынша оқитын болады

АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik, Айымгүл Әбіл. Орыс мектептерінде оқитын балалардың қазақ тілінде сөйлемейтіні рас. Енді осы мәселені шешу үшін жаңа оқу жылынан бастап пилоттық режімде қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі енгізіледі, деп хабарлады бүгін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. 

Мұғалім - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Білім министрі мұғалімдердің жалақысын көтермек

Министр атап өткендей, бүгінгі күні қазақ балаларының басым бөлігі қазақ мектебінде оқиды. 

"Қазіргі уақытта өздеріңіз білесіздер, жағдайымыз жаман емес. Қазақ балаларының тоқсан пайызы қазақ тілінде қазақ мектептерінде  оқып жатыр. Биыл ҰБТ тапсырған оқушылардың 80 пайызы — қазақ тілінде оқығандар", — деді Сағадиев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында. 

Сағадиевтің айтуынша, ендігі аса назар аударатын проблемалардың бірі – орыс тілінде білім алып жатқан балаларға қазақ тілін үйрету. 

"Орыс мектептерінде 500 мың бала қазақ тілін он бір жыл оқыса да, сөйлемейді.  Оларды сөйлету керек. Қазірде жаңа әдістеме дайын. Жаңа оқу жылынан бастап оны пилоттық режімде мектептерге енгізе бастаймыз.  Тізімде 150 мектеп бар. Бәрі дұрыс болса, 2018-2019 оқу жылынан бастап әр мектепке енгіземіз", — деді ол. 

филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ыбыраев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Профессор: Өз ұлтыңды менсінбеуді қойып, қазақша сөйлеу керек

Министр, сондай-ақ, қазақ тілін оқыту бойынша жаңа әдістеменің тиімділігіне тоқталды. 

"Құр жаттау мейлінше аз болады. Теориялық оқу қысқартылып, негізінен сөйлеуді дамытуға көп көңіл бөлінеді. Сондықтан бұл технология бүкіл әлемде пайдаланылады. Ғылымға негізделген. Осы әдістемені бізге тезірек енгізу керек. Қазір пилоттық мобильдік қосымшасы дайын. Оны әрбір ұялы телефонға  жүктеп алуға мүмкіндік болады. Бұл да үлкен көмек", — деді Сағадиев. 


Жаңалықтар
0