АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі мұғалімдердің жалақысын өсіру бойынша қазір жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады ведомство басшысы Ерлан Сағадиев.
"Педагогтардың жалақысы аз дегенмен келісемін. Бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Осыған дейін де айтып өткенімдей, барлық жаңашылдықтарды, оның ішінде қаржылық жайттарды педагогтармен, үкіметпен және мәжіліспен талқылау керек. Біз педагогтардың жалақысын 2017 жылдың бюджетінде сағаттардың көлемін қысқарту арқылы өсіре аламыз деген үміттеміз. Жалпы, жоғары оқу орындарында, сондай-ақ балабақшалар мек мектептерде жеке сектордың кеңеюіне байланысты педагог мамандығының перспективасы жоғарылайды", — деді Сағадиев бүгін үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің болжамы бойынша, жуық арада 200 мыңға жуық жаңа мұғалім балабақша, мектеп пен жоғары оқу орындарына қажет болады. Бұл салада жыл сайын жаңа жұмыс орындары ашылмақ.