Қоғам

Сағадиев: Білім министрлігіне өз командамды әкелген жоқпын

© Sputnik / Болат ШайхиновЕрлан Сағадиев
Ерлан Сағадиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Министрліктің барлық қызметкерлерімен жұмыс барысында таныстым"

АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев министрліктің ғылым комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Ләззат Құсайынованың таққан айыбына жауап берді. 

Ерлан Сағадиев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағадиев: Бекболат Тілеуханмен "жекпе-жекке" шығуға қарсы емеспін

"Министрлікке келгенде көмекшімнен басқа ешкіммен таныс болған жоқпын. Үш вице-министр, бүкіл департамент директорлары, бүкіл комитет төрағалары, барлық қызметкерлермен министрлікте жұмыс істей жүріп таныстым. 250 адаммен білім және ғылым министрлігінде жұмыс істей жүріп, таныстым. Қандай да бір командасын алып келді деген айыпты бірінші рет естіп отырмын", — деді бүгін министр үкіметте өткен баспасөз мәслихатында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып. 

Айта кетсек, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан әлеуметтік желідегі өз парақшасында Білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Ләззат Құсайынованың хатын жариялады.Министрліктің бұрынғы қызметкерінің айтуынша, ол Иранға рұқсатсыз барғаны үшін жұмыстан шығарылған. Құсайынова мәлімдегендей, Сағадиев министр болып келгеннен кейін "барлық салалық мамандар жұмыстан шығарылып, олардың орнына білім мен ғылымға ешқандай қатысы жоқ адамдар келген". 

Бүгін осы жағдайға орай арнайы мәлімдеме жасаған білім және ғылым вице-министрі Асланбек Амриннің айтуынша, Құсайынова 2010 жылдан бастап бірнеше рет мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін бұзып, оған қатысты қызметтік тергеу жүргізілген. 

"Ал 2016 жылы Ләззат Абайқызы Иранға командировкаға бару үшін министрліктің жауапты хатшысынан рұқсат алмайды. Бұл мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы тікелей бұзу болып саналады. Айта кетейін, 2016 жылы ол Ұлттық қауісіздік комитетінің құпияларына қолжетімділік рәсімін өткен болатын", — деп мәлімдеді Амрин. 

Жаңалықтар
0