АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Қазақстандықтар құжаттарының дайын болғандығы туралы SMS арқылы біле алады деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов Facebook парақшасында.
Бұл қызмет "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесе әзірленіп, сынақ режимінде іске қосылған.
"Енді күндерді шатастырып алып, ХҚКО-на қайта-қайта бара бермейсіздер — SMS хабарлама естеріңізге салып отырады, егер құжаттарыңыз мерзімінен бұрын дайын болса, тіпті жақсы. Айтпақшы, бұл қызмет тегін. "Азаматтарға арналған үкіметке" келушілерге жақсы болды деп ойлаймын", — деп жазады Оспанов.