Қоғам

Елбасы: Домалақ ана мен Айша бибінің парасатын жалғастырушы ізбасарлары - қазіргі әйелдер

© Photo : официальный сайт президента Республики КазахстанНурсултан Назарбаев
Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақордада Назарбаев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Ақордада өтіп жатқан "Көктем шуағы" кездесуінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан әйелдерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

Астана Опера - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада 8 наурыз күні қайда баруға болады

"Бүгінгі дәстүрлі кездесуге әйел азаматтардың әр салада қызмет істеп жүрген өкілдері жиналып отыр. Көпбалалы аналар, депутаттар, ғалымдар, кәсіпкер, өнертапқыш, әнші, дәрігер, журналсит, актриса, спортщы, жауынгерлерге дейін арамызда бар. Қазақстан әйелдерінің қоғамдық рөлін әр уақытта айтып келеміз. Біздің халқымыз ананы, әйелді әр уақытта құрметтеп өткен", — деді Назарбаев.

Елбасы батыр аналарымыз ел басына күн түскенде қолына қару алып, ерлермен бірге отанын қорғағанын тілге тиек етті. 

"Ел үшін ер азаматтармен бірге жауға шапқан. Бізге белгілі Бопай ханым, Әлия, Мәншүктер өшпес ерлігімен елдің санасында қалғанын бәріміз білеміз. Үлкен құрметке бөленген үлкен аналарымыз Домалақ ана, Айша бибі, Айғаным, Зере әжелер парасаттың символы болы саналады. Бүгінгі Қазақстан әйелдері сол парасатты жалғастыратын, жолын жалғайтын ізбасарлары. "Әйел — үйдің қазығы" деп әйелін құрметтеген халықпыз. "Қыз өссе, елдің көркі" деп қызын құрметтеген халықпыз. Ықылым заманнан келе жатқан игі дәстүр қазір де жалғасуда", — деді Елбасы. 

Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдары еліміздің аяғының нық тұруына әйелдердің қосқан үлесі ерекше екенін атап өтті. Елімізде еңбек ететін азаматтардың  жартысынан көбі қыз-келіншектер екен. Әйелдер үкімет құрамында, парламент қабырғасында, түрлі деңгейдегі әкімдіктерде табысты қызмет істеп жатыр. 

Қарағанды жылыжайында өсірілген қызғалдақтар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қарағандылық жылыжай 8 Наурызға мыңдаған қызғалдақ өсірді

"Білім беру саласында 65 пайыз, денсаулық сақтау саласында 75 пайыз, мемлекеттік қызметте 55 әйелдер. Жеке кәсіпкерліктің тең жартысы, шағын және орта бизнестің 42 пайызы әйелдердің қолында. "Болашақ" бағдарламасымен шетелде білім алған 12 мыңнан астам жастың жартысынан астамы қыздар", — деді Назарбаев.

Айта кетейік, Президентпен кездесуге Мәжіліс депутаты Зағипа Бәлиева, ғалым-микробиолог Әлия Ерназарова, Универсиады-2017 чемпионы Анна Шевченко, ҚХА мүшесі, ауыл мектебінің директоры Ирина Седова, "Жас Атамекен" жас кәсіпкерлер клубының президенті Зарина Көкжанова, ақын Толқын Қабылша, әнші Мария Галицкая, "Тенгизшевройл" ЖШС адам ресурстарын басқару бас менеджері, аудандық аурухананың бас дәрігері Қарлығаш Рәзиева, Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова, "Астана-Балет" театрының жетекші балеринасы Милана Буканова, көпбалалы ана Оксана Мұкашева, қобыздан халықаралық байқаулардың лауреаты Ақерке Тәжібаева, Астана қалалық кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Назилия Раззак, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі Оксана Давыденко, ҚР ҚК Парашют дайындығы орталығының аға маманы Римма Рамазанова, актриса Салтанат Бақаева,  журналист Венера Мирланқызы келді.

Жаңалықтар
0