Қоғам

Офицерлер қылмыстық топ құрып, қомақты қаражат жымқырған

© AFP 2024 / Sandor GemesКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әскери қызметкерлер бизнесменмен бірге ҰҚТ құрып, 2 миллиард теңгеден астам қаражат қымқырған. Сот істің бүкіл қатысушыларын ұзақ жылға соттап, мүліктерін тәркілеуге шешім қабылдады

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Ірі көлемде бюджеттік қаражат жымқырғаны үшін оннан астам адам ұзақ жылға түрмеге қамалды деп хабарлайды ҚР әскери сотының баспасөз қызметі.

Мұхтар Әблязов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Прокуратура: Әблязов пен сыбайластары сотқа берілді

Ведомство мәліметінше, қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сот Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі қарады. Сот анықтағандай, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскерлерін пәтерге орналастыру Бас басқармасының, Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің бюджеттік жоспарлау және қаржы департаментінің офицерлері мен жеке кәсіпкер қылмыстық топ құрып, 2 миллиард теңгеден астам бюджеттік қаражатты жымқырған. 

"Бұл іс бойынша 11 адам сотталды. Қылмыстық топтың жетекшілері 11 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Қалған қатысушылар жеті жылдан 11 жылға дейін сотталды", — деп хабарлайды ведомство. 

Сонымен қатар, сот үкіміне сәйкес мемлекетке келтірілген зиян ретінде сотталушылардың қылмыстық қаражатқа алған мүліктері тәркіленген. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ. 

Жаңалықтар
0