АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Мемлекет басшысына қол қою үшін ұсынылған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң Конституциялық Кеңеске жолданды деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
2017 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдап, Мемлекет басшысына қол қою үшін ұсынды.
"Конституцияның 72-бабына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев аталған заңды мемлекеттің қызмет қағидаттары мен басқару нысанына негізделген, Конституцияда белгіленген құндылықтарға сәйкестігі тұрғысынан қарастыру үшін Конституциялық Кеңеске өтініш білдірді", — делінген хабарламада.