АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Астана қаласының атауы өзгертілмейтін болды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров хабарлады.
"Астананың атауын өзгерту туралы жазбаша түрде ұсыныс келіп түскен жоқ. Сондықтан бұл мәселені комиссия қараған жоқ", — деп хабарлады журналистерге заң жобасы бойынша бірлескен комиссияның төрағасы Нұрлан Әбдіров отырыстан кейін.
Депутаттардың айтуынша, бұл тек қана ұсыныс болды. Сондықтан әзірге Астананың атауы өзгермейді.
Айта кетейік, 3 наурызда өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Астанаға Назарбаевтың есімін беруді қайта ұсынған болатын.