АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Бастапқы болжам бойынша, Астанада 14-15 наурыз аралығында Сириядағы ахуал жөнінде кезекті кездесу өтеді деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.
"Кепіл елдер Астанадағы сириялық реттеу бойынша келіссөздердің өту мерзімін әлі талқылауда. Әзірше, Женевада айтылғандай, 14-15 наурыз аралығы деп белгіленіп отыр", — деді Әбдірахманов дүйсенбі күні тілшілерге.
Оның сөзіне жүгінсек, "кепіл мемлекеттер кездесудің деңгейі мен форматын анықтайды".