АСТАНА, 2 ақп — Sputnik. Сириялық реттеу жөніндегі келіссөздердің үшінші раунды Астанада 14 және 15 наурызда өтеді, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне келіссөздерді ұйымдастыруға жақын дереккөзі.
"Кездесу 14 және 15 наурызда өтеді", — деді дереккөзі. Агенттікпен әңгімелесуші Астанадағы кездесудің қандай форматта өтетінін нақтылаған жоқ. Толыққанды келіссөздер ме жоқ әлде сарапшылар деңгейіндегі пікірталастар ма.
"Аль-Джазира" телеарнасының хабарлауынша, Астанада өтетін келіссөздер мерзімін БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура растаған.
Иранның Қазақстандағы елшісі Моджтаба Дамирчилу РИА Новости агенттігіне бұрын кездесудің 21 наурызда өтуі мүмкін екенін хабарлаған.