Оқиға

Бурабайдағы аста адамдар уланып қалды

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуАсхана
Асхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ас беру өткен қоғамдық тамақтану орнында азық-түлік пен су тексеріліп жатыр

АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Бурабай курортының қоғамдық тамақтану орындарының бірінде өткен ас беру Астана мен Көкшетау тұрғындарының улануына әкеп  соқтырды, деп хабарлады тұтынушыларды қорғау департаментінің баспасөз қызметі. 

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Бурабайда тоғыз ересек пен бір бала салмонеллез жұқтырды

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Бурабай орталық аудандық ауруханасына 28 ақпанда науқастар келіп түсе бастады. Дәрігерлер алдын ала улану, салмоннелез диагнозын қойып отыр. 

Науқастардың 26 ақпан күні Бурабай кентінде аста болғаны анықталды. Жалпы 232 адам болған: жергілікті тұрғындар, Көкшетау, Астана, Петропавл және Қарағандыдан келгендер. Ауруханаға өзін жайсыз сезінген және улану белгілерімен 44 адам жүгінді. Олардың арасында сегіз бала бар. Қазір он адам амбулаториялық емделуде. 

Ас берілген қоғамдық тамақтану кәсіпорнының қызметкерлері, азық-түлік пен судың сынамалары алынған. Мекеменің аты жарияланбайды, тексеру жүргізілуде. Бүгін зертхана алдын ала нәтижелер береді.   


Жаңалықтар
0