АСТАНА, 1 нау – Sputnik. Ақмола облысы Бурабай курортында тоғыз жергілікті тұрғын асқа улану дертімен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады құқық қорғау органдарында.
Бурабай орталық аудандық ауруханаға 28 ақпан күні төрт ер адам мен бес әйел кісі және 13 жасар қыз келіп түсті.
Науқастарға, алдын ала асқа улану – салмонеллез диагнозы қойылды. Эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп, зертханалық зерттеулер тағайындалды.