АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында есіту және сөйлеу қабілеті төмен азаматтарға арналған қызмет пайда болды.
Ым-ишара тілін меңгерген білікті маман арнайы монитор арқылы қолма-қол сурдоаударма жасап отырады.
Пилоттық жоба Мемлекеттік корпорацияның бастамасымен "Қазақстан Республикасы Ауғанстан соғысы мүгедектерінің қоғамы" бірлестігімен бірге жүзеге асырылды.
Бүгінде Астана мен Алматы ХҚКО-тарында 862 сурдоаудармашы жұмыс істеуде, қалған өңірлерде жобаны енгізу үшін дайындық жұмыстары атқарылып жатыр.