Оқиға

Бас прокуратура әдеттегі қазақстандық радикалды суреттеді

© PhotoҚаруланған адам
Қаруланған адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тартушылар материалдық және әлеуметтік-тұрмыстық проблемалары бар адамдарды оңай тартады

АСТАНА, 28 ақп — Sputnik. Қазақстанның бас прокуратурасы радикалдық идеологияға еліктеген адамның әдеттегі бейнесін суреттеді. 

Сейсенбі күні ведомство өзінің сайтында бас прокуратураның қоғамдық қауіпсіздік туралы заңнаманың қолданылуын қадағалау департаменті бастығының орынбасары – экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңдардың қолданылуын қадағалау басқармасының бастығы Қайыргелді Сәкеновтің мақаласын жариялады. 

Компьютер, интернет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҰҚК: Желідегі терроризм туралы жүздеген материалдар қазақстандықтарға бағытталған

Мәтінде құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметі радикализм белгілерінің себептері мен жағдайларын болдырмауға бағдарланғаны атап көрсетілген. 

Осының негізінде радикалды идеологиямен әуестенген тұлғаның типтік бейнесін жасадық. Бұл көбінесе өткен өмірі криминалды, тұрақты жұмысы және жоғары білімі жоқ жастар. "Олардың діни сауаты жоқ. Діни әдебиеттерді оқымаған және оқығысы да келмейді. Өздерінің дін, жақсылық және жамандық туралы көзқарастарын интернеттен алынған күмәнді материалдарға негіздейді. Терроризмді насихаттайтындарға ойланбастан сенеді", — делінген мақалада. 

Азғырып көндірушілер азаматтардың материалдық және әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларын пайдалана отырып, үстемдік жүргізеді. Осындай насихаттаушылардың ықпалына түскендер жаңа экстремистерді жасаудың қолайлы құралына айналады.

Нәтижесінде олар экстремистік және террористік қылмыстарды жасау жолына көшеді. Осындай істер бойынша 2016 жылы сот үкімімен 143 адам жазаға тартылды. 

арнайы қызмет - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ҰҚК терроризмге қатысы бар деген күдікпен 15 адамды ұстады

Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың басқа маңызды құрамдас бөлігі — қарсы насихаттауболып табылады, сондай-ақ Жаһандық желіде де насихаттау.

Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде радикалды діни идеологияның жағымсыз мәнін әшкерелейтін материалдардың орналастырылуы, радио – телебағдарламалардың шығуы қамтамасыз етілуде.

Мысалы республикалық және жергілікті БАҚ-тарда прокурорлардың бастамасымен "Адасқандар" және "Бейбітшілік мекені" деректі фильмдері көрсетілді. Онда өз көзқарастарының қателігін түсінген адамдармен сұхбат көрсетілген.

Іздеу жүйелерін талдадық. Іздеу қызметтерінің бірінші беттерінде орналасқан ресурстар ең көп қаралады деген қорытындыға келдік. Ол "ТОП-10" деп аталатындар. Оларға пайдаланушылардың 95% астамы назар аударады.

Қазір біз осы іздеу қызметтерінің бірінші беттеріне біздің насихат материалдарымызды енгізу жобасымен айналысудамыз. Интернетті құқыққа қайшы контенттен тазарту шараларын белсенділігін арттырдық.

Жалпы, өткен жылы Бас прокуратураАқпарат және коммуникациялар министрлігінеинтернет-ресурстардың 33 материалына қол жетімділікті уақытшатоқтату бойынша шаралар қабылдау туралы 7 ұйғарым енгізіді. Мазмұнында экстремизм мен терроризмді насихаттайтын 95 сілтеме оқшауланды. Прокурорлардың арыздары бойынша сот 19 ақпараттық материалдарды экстремистік, 13 террористік деп танып, олардың елде таратылуына тыйым салды.


Жаңалықтар
0