АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Петропавл қаласында құрылыс басында ағаш материал опырылып, үш жұмысшы биіктен құлап кетті; олардың екеуі әртүрлі жарақат алып ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Төтенше жаңдай қала орталығында қонақ үй кешені құрылысында болған. Ағаштар опырылып, жұмысшылар шамамен 4-5 қабаттық биіктіктен құлаған.
Екі зардап шегуші ауыр жарақат алғанымен, үшінші құрылысшының еш жері мертікпепті.
Құрылыс басындағы төтенше оқиғаның себептерін мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы анықтауда, жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.