АСТАНА, 24 қаң — Sputnik. Жол полициясы капитаны Бурабай шипажайындағы ауруханада лифт жертөлесіне құлады, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствода ақпараттандырғандай, оқиға дүйсенбі, 23 қаңтар күні орын алды. Жол полициясының экипажы Бурабай орталық аудандық ауруханаға мас күйінде көлік жүргізді деген күдікпен ер адамды жеткізді. Содан кейін 42 жасар полиция капитаны аурухана бөлімшесінің бірінші қабаттан шығып бара жатып, қараңғыда байқамай лифтің ашық есігіне құлап кетіп биіктігі 2,5 метрлік жертөлеге түсті.
Жертөледен құқық қорғаушыны құтқарушылар шығарып алды. Ол аяғы сынып ауруханаға жатқызылды.