Қоғам

Өскеменде анасы өртеніп жатқан үйде баласын ұмытып кеткен

© Photo : ДЧС Восточно-Казахстанской областиФото с места пожара в ВКО
Фото с места пожара в ВКО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрғындар өздері отқа оранған үйден қашып шығып, 2 жасар баланы ұмытып кеткен

АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Өскеменде жер үйде шыққан өрттің салдарынан екі жасар ер бала қаза тапты. Өрт шыққан кезде анасы өзі үйден жүгіріп шығып, баласын ұмытып кеткен, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті. 

Өрт - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақмола облысындағы өрт кезінде төрт бала қаза тапты

Департаменттің ақпаратына сүйенсек, өрт шықпас бұрын үйдің иесі бөтелкелес достарымен ішімдік ішкен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер әйел мен жиналған жұрттан отқа оранған үйде кімдер барын сұрайды. Бірақ әйел үйде ешкімнің жоқтығын айтқан. Кейін өртті сөндіріп жатқан кезде бөлмелердің бірінен баланың денесі табылады

"Барлығы өртеніп кетті. Өрттің аумағы 120 шаршы метрді құрады. От көрші үйге де тарап, шатырына тиіп кеткен. Өрт сөндірушілер көршілердің үйін аман сақтап қалып, өрттің әрі қарай таралуына жол бермеді", — дейді Өскемен қаласы төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Ержан Батуханов. 

Әйелді полиция қызметкерлері алып кетті. 


Жаңалықтар
0