АСТАНА, 30 қаң — Sputnik. Ақмола облысында демалыс күндері өрт салдарынан төрт бала қаза тапты деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.
ТЖД мәліметіне сүйенсек, Сандықтау, Аршалы аудандарында сенбі 28 қаңтар күні екі қабатты тұрғын үйлерден өрт шыққан. Өрт салдарынан төрт бала иіс тиіп қаза тапты.
Агенттікке сұхбат берушінің айтуынша, өрттің себептері анықталуда.