АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. Көкшетауда өртеніп кеткен жеке үйде үш адамның денесі табылды деп хабарлады Ақмола облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Оқиға сейсенбі 24 қаңтар күні болған.
Өрт сөндірушілер тобы ТЖ туралы хабар түскеннен кейін тез арада келіп жеткен. Аумағы 44 шаршы метрді қамтыған өртті сөндіру кезінде үш адамның мүрдесі табылды, өрттің себептері әлі белгісіз. Адамдардың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.