Қоғам

Астанада 22 жастағы мұғалім оқушы қыздарға тиіскен

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуОқушы
Оқушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
№58 мектеп-гимназиясында сабақ беретін мұғалімнің бұл әрекетін білім басқармасы тексереді

АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Жетінші сынып оқушысының анасы елордалық №58 мектепте сынып жетекшінің қызына қол жүгірткенін мәлімдеді. 

Мектеп - Sputnik Қазақстан
Қоғам
БҒМ мектептерде алым-салық алған мұғалімдерді жұмыстан шығарады

Әйел адам бұл туралы қоғам қайраткері Марат Қабылбаевқа айтқан. Ол Facebook парақшасында жазған соң, бұл оқиға көпшілікке аян болды. Білім басқармасы істің анық-қанығына жетіп, жариялы түрде түсініктеме беруге уәде берді. 

Телефон арқылы Sputnik Қазақстан агенттігіне сұхбат берген қыздың анасы 14 ақпан күні қызының мектептен жылап келгендігін айтты. Ол "мұғалім сабақ соңынан алып қалып, қолым мен иығымнан сипады" деп айтыпты.  Оқушының сөзіне сүйенсек, мұғалім "басқа қыздарға да тиіседі", бірақ олар мұны айтуға қорқады екен. 

Бұдан бұрын сынып жетекшісі дене шынықтыру кезінде мұғалімге  байқаусызда доп тигізіп алған ер баланы ұрып жіберген.

Әйел адамның айтуынша, 18 ақпан күні мектепте жиналыс өтті, бірақ директор да, мектеп психологы да қатыспапты. Есесіне жиналысқа келген оқу ісі меңгерушісі мен өзге мұғалімдер әріптестерін мақтап, болған оқиғаның түсінбеушілік екенін айтқан.

"Мен мұғаліммен сөйлестім, жасы 22-де. Мектепке қараша айында орналасқан, екінші тоқсанда. Басында жылап, ештеңе айта алмады. Мұғалімдер оны қорғаштап еді, өзгеріп сала берді. Қызымды сипағанын мойындап, мұны оқушыларымды жақсы көргеннен деді. Басқа қыздарға тиіспегенін айтып, тіпті ер баланы ұрып жібергенін де жоққа шығарды. Ол жайтты бүкіл сынып көрген болатын. Мені жала жапты деп айыптауға тырысты", — дейді әйел.

Осы оқиға әлеуметтік желілерде таралып кеткен соң, мұғалімнің әпкесі қыздың анасына хабарласып, бауыры үшін кешірім сұраған. Кейін мұғалімнің өзі де қоңырау шалған екен. 

Жаңалықтар
0