АСТАНА, 19 қаз — Sputnik. Мектептерде алым-салыққа жол берген қазақстандық мұғалімдер қатаң жазаланады, тіпті жұмыстан қуылуы да мүмкін деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Вице-министр ескертіп өткендей, министр бұйрығы бойынша мектептерде кез келген түрде ақшалай қаражат жинауға тыйым салу туралы ереже қабылданып, барлық білім беру департаменттері мен бөлімдері хабардар етілген.
Бұдан бұрын Астана әкімі Әсет Исекешов осы мәселені білім беру қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз жиналысында көтеріп, мектептердегі алым-салық мәселесін өзі жеке қадағалауға дайын екенін мәлімдеген болатын. Мұндай жағдайлар орын алса, жеке өзіне хабарласып, тіпті әлеуметтік желі арқылы да мәлімет жеткізуге болады деген еді.