Оқиға

Адам өлтірген Қарағанды тұрғыны жарты сағат ішінде ұсталды

© Sputnik / Табылды КадырбековПышақ
Пышақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды полициясы күдіктіні қызметтік иттің көмегімен жарты сағат ішінде ұстаған

АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Полиция қызметкері кісі өлтірген 22 жастағы ер адамды жарты сағат ішінде ұстады деп хабарлайды Қарағанды облысы ішкі істер департаменті.

бала - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбе облысындағы баланы өлтіру ісінде жаңа күдікті пайда болды

27 ақпан күні сағат таңғы төрт кезінде пышақ жарақатынан қаза болған адамның денесі табылып, бүкіл полиция қызметкерлеріне хабарланды. Қылмыскерді іздеуге қаланың бүкіл патрулдік экипаждары мен кинологиялық қызмет жұмылдырылған. Қызметтік иттердің бірі қылмыскердің ізіне түсіп, нәтижесінде дөңгелек іздері мен басқада көмекші айғақтар табылды. Бұл күдіктіні ұстауға септігін тигізген. 

"Қылмыс жасалғаннан кейін жарты сағат ішінде №1125 автопатруль қызметкерлері 22 жасар қала тұрғынын ұстады. Ол 27 жастағы ер адамды өлтіргенін мойындады", — деп хабарлайды ведомство.

Жаңалықтар
0