Қоғам

Мемлекеттік қызметшіге сыйлық бергендер 1,3 млн теңге айыппұл төлейді

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуМемлекеттік қызметкерлер
Мемлекеттік қызметкерлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу

АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik. Павлодар облысында мемлекеттік қызметшілерге сыйлық берген адамдарға айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифинг барысында Павлодар облысы бойынша аймақтық департамент басшысының міндетін атқарушы Тыныштық Жүсіпов хабарлады. 

"Павлодар облысы бойынша cыбайлас  жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылы жеке тұлғалардың лауазымды тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы беру фактісі бойынша 3 факт және мемлекеттік қызметшілердің заңсыз сыйлық алуы бойынша 2 факт анықталды", — Жүсіпов. 

Жаңажылдық сыйлықтар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Шенеуніктер қымбат жаңажылдық сыйлық алғаны үшін жауапқа тартылады

Аталмыш істер бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілген. 

Сөйтіп, мемлекеттік қызметшілерге сыйлық ұсынған үш адамға жалпы сомасы 1 361 400 теңге болатын айыппұл салынды. Өз кезегінде сыйлық алған мемлекеттік қызметші де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, осынша мөлшердегі айыппұл төлеген. 

Тағы бір мемлекеттік қызметшінің сыйлық алуы бойынша дәл сондай іс қазіргі уақытта сотта қарастырылу үстінде. 

Айта кетсек, заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметші сыйлықтарды арнайы мемлекеттік қорға 7 күннің ішінде тапсыруы тиіс.  

Жаңалықтар
0