Қоғам

Шенеуніктер қымбат жаңажылдық сыйлық алғаны үшін жауапқа тартылады

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуЖаңажылдық сыйлықтар
Жаңажылдық сыйлықтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік қызметкерге арналған сыйлықтың бағасы екі айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс – 4242 теңге.

АСТАНА, 27 жел — Sputnik. Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Алик Ішпекбаев елдің мемлекеттік қызметкерлеріне  Жаңа жылға қымбат сыйлықтар алғаны үшін жауапқа тартылатындығын ескертті.

#ЁлкаДоброты - Sputnik Қазақстан
Қоғам
#ЁлкаДоброты – ерекше бүлдіршіндерге Аяз Ата болыңыз

"Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық алуға заңмен тыйым салынған. (…) Жаңа жыл алдында мемлекеттік қызметкерлерді тағы бір рет ескерткіміз келеді. Бизнес тарапынан басшыларға, шенеуніктерге құттықтаулар жолданатыны бәрімізге түсінікті. Ол қоржындардың қанша тұратыны да белгілі. Олар 2 АЕК көлемінен асып кетеді", — деді Ішпекбаев сейсенбі күні сенат депутаттарымен кездесу барысында.

Ішпекбаев еске сала кеткендей, қазіргі нормаларға сәйкес, сыйлықтың құны 2 АЕК-тен асып кететін болса, параға жатады. 

Жаңалықтар
0