Әлем

"Ты супер!" жобасының қатысушылары бір отбасы балаларындай бауырласып кетті

© Photo : Пресс-служба НТВ"Ты супер!"
Ты супер! - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Ты супер!" жобасының қатысушылары бір-бірімен бәсекелеспейді, керісінше, біреуі жобадан кетсе, жабырқап қалады

АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. Әр сенбі сайын посткеңестік кеңістіктің телекөрермендері "Ты супер!" халықаралық балалар вокалдық конкурсы қатысушыларының тағдырына куә болуда.

Әнші қыз - Sputnik Қазақстан
Sputnik Қазақстан НТВ-ның "Ты супер!" шоуының жас қатысушыларына қолдау көрсетеді

"Ты супер!" жобасының тұсаукесері НТВ арнасында 11 ақпан күні болды. Бұл конкурстың басты ерекшелігі – оған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетімдер үйі мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері қатысады.  ТМД елдерінің түпкір-түпкірінен өнерлі өрендер Ресей астанасы Мәскеу қаласына жиналды. Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі мен радиосы осы шоудың серіктесі болып отыр.

"Қатысушылар арасында ұлтаралық алауыздықтың нышаны да жоқ екенін айта кеткен жөн. Балалар саясат пен қақтығыстардан тысқары. Олардың әлемге деген көзқарасы мүлдем бөлек – бір-бірімен тілдескенде әрқайсысы өз тілінде сөйлейді, ойнайды, тіпті бір-бірін жақсы көреді. Жақсы түсінеді", — дейді "Ты супер!" жобасының психологы Надежда Уффельман. 

Ты супер! жобасында Қазақстан мен Молдова достасты - Sputnik Қазақстан
Видео
"Ты супер!" жобасында Қазақстан мен Молдова достасты

Тағы бір мәселе – жобадағы бәсекелестік. Бәрімізге аян, ересек адам бәскелестік мәселесін жүрегіне жақын қабылдайды. Сол себепті балалар да өзіміз сияқты бір-бірімен тайталасады деп ойлаймыз. Бірақ олай емес: бұл түйтікілді мәселеге біздің қатысушылар басқаша қарайды дейді Надежда.

Біреуі келесі кезеңге өтсе, шын жүректен қуанады. Ал, әділқазылардың ауызынан "жоқ" деген сөз шықса, кәдімгідей мұңайып қалады. Балалардың бірі жобадан кеткенде үнемі солай болған. Бір-бірін құшақтап, шын ниеттен тілектестіктерін білдірген. Олар бір-біріне "аға, әпке" дейді. Бұған қалайша жүрегің елжіремейді?

Жаңалықтар
0