Видео

"Ты супер!" жобасында Қазақстан мен Молдова достасты

Жазылу
Алматыдан келген он жасар Роман Корнеев "Ты супер!" халықаралық вокалдық конкурста нағыз дос тапты. Ол Молдовадан келген Аня Ерхан болды. Мәскеуде болған бір ай ішінде Рома мен Аня достасып, айырылмастай болды. Бейнеден қыздың өнер көрсету кезінде Романың қалайша уайымдағанын көріңіздер.

Рома Алматы қаласындағы №1 балалар үйінде тәрбиеленеді. Оның жобадағы өнер көрсетуі  келесі "Ты супер" шығарылымдарының бірінде болады. Ол және тағы үш бала Қазақстаннан "Ты супер!" байқауынан таңдалған болатын. "Ты супер!" – НТВ телеарнасы мен Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосының бірлескен жобасы. 

Рома мен Аня Мәскеуге келген сәттен бастап достасып кетті. Өкінішке орай, Аня музыкалық шоудың келесі турына өтпей қалып, жобадан кетеді.  Бұдан бұрын Sputnik Қазақстан Оралдық Вова Сарафутдинов, Өскемендік Влад Лоскутов пен Қызылордалық Рано Сабанкулова туралы айтқан болатын. Вова Сарафутдинов та "Ты супер!" жобасынан дауысының өзгеруіне байланысты кетті. Қазылар алқасы бұл кезеңде оған вокал сабақтарын қоя тұруға кеңес берді. Әр сенбі күні Sputnik Қазақстан "Ты супер!" жобасының шығарылымдарын көрсетіп отырады. 


Жаңалықтар
0